Шымкент: Тәуелсіздік жылдарында облыста 5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

1222
Adyrna.kz Telegram
Солтүстік Қазақстан облысында 53 көпқабатты үй салынып жатыр, оның 23-і жеке құрылыс салушылар есебінен. 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа баспананы 12 мың солтүстікқазақстандық алады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Биыл 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Алдағы жылға 400 мың шаршы метр салу жоспарланып отыр. Мұның негізі жаңа және өтпелі жобалар болады.
«Жас өркен», «Береке» және «Орталық» шағын аудандарын салу жалғасуда. Кезекте – «Қопай» және «Жағалау». Жаңа жөндеу бағдарламасы апаттық және ескірген тұрғын үйлерді бұзуға мүмкіндік береді. Қала бойынша барлығы 1,7 мыңнан астам ескі және апатты үйлер сүріліп, 6 мыңнан астам қала тұрғынының тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектесті. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы да дамып келеді. «Солнечный-2» және «Южный» шағын аудандарына барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілуде. Су құбыры, жолдар және электр желілері тартылып жатыр. 3 мың дайын жер учаскесі ЖТҚ кезегінде тұрғандарға беріледі. Алдағы 5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 21 мыңнан астам пәтер. 70 мың адам өз баспанасына ие болады. Бұл облыстың әрбір жетінші тұрғыны. Тәуелсіздік жылдарында облыста 5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді», - деп қорытындылады спикер.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер