«Жас толқынның қайсар рухы»

1894
Adyrna.kz Telegram

Елімізге тәуелсіздік сыйлап, егемендікке қол жеткізіп, азаттық алып берген - «Желтоқсан көтерілісі ». «Желтоқсан - 1986» - 1731 жылдан басталған ұлт-азаттық қозғалыстың құрамды бөлігі, оның азаттық пен бостандыққа апаратын ұзақ жолының биік бір белесі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған "Жұлдызды 30 күн" мерекелік іс-шаралар жоспарына сай Қазақ елінің тарихында алтын әріптермен жазылған қазақтың рухты жастарының есімін дәріптеу мақсатында Абай атындағы ОККЖ мен Жастар Орталығымен бірлескен М.Маметова атындағы №35 ЖОББМ оқушыларының Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Жас толқынның қайсар рухы» тақырыбындағы кеші болып өтті. Бұл кешке сол кездегі ызғарлы желтоқсанның қасіретін сезініп, куә болған, қатал саясаттың шарпуына оранған «Желтоқсаншы ағалар » - Қайрат Әшіров және Мұрат Шекербеков қонақ ретінде шақырылды. Қалтарыс сәтте ерліктері ескерусіз қалып қоятын бүгінгі күннің батырлары , сол кездегі оқиғалар туралы тебірене әңгімелеп берді және оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, әңгіме өрбітті. Өз тараптарынан қалыс қалмаған жастар да кеш қонақтарына арнап ән- күйлерін және өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Аталмыш тақырыпты аша түсу мақсатында кітап көрмесі қойылып , кітаптар мен мақалалар тізбесі таныстырылды. Кеш танымды, әсерлі өтіп ,кеш соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер