Мамин жаңа қызметке тағайындалды

4957
Adyrna.kz Telegram

12 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан хоккей федерациясының XIV республикалық конференциясы өтті. Бұл туралы ҚХФ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оған Атқару комитетінің мүшелері, өңірлік филиалдардың, хоккей клубтарының және БЖСМ басшылары қатысты.

ҚХФ Президентінің 2016-2021 жылдар аралығындағы жұмыс туралы есебі, Федерацияның жарғысы мен ережесі, штаттық құрылымы қаралды, басқару және бақылау органдарының сайлауы өткізілді. Конференция қатысушыларының бірауыздан шешімімен Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясының президенті лауазымына қайта сайланды.

А. Мамин өз сөзінде қазіргі уақытта ерлер арасындағы әлемдік рейтингте Қазақстан командасы 19-дан 13-орынға көтерілгенін атап өтті. Осы уақыт ішінде қазақстандық құрама командалар 19 әлем чемпионатына, Қысқы Азия ойындарына, екі қысқы Дүниежүзілік Универсиадаға, олимпиада іріктеу турнирлеріне қатысып, 14 медаль жиынтығын жеңіп алды.

ҚХФ Президенті хоккей лигаларының, оның ішінде жастар, әйелдер және әуесқой лигалардың жоғары даму қарқынын, чемпиондық титул мен Қазақстан Республикасының Кубогы үшін бәсекелестіктің артқанын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер