Тоқаев: Экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық

4613
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде еліміздің қысқа мерзім ішінде қуатты мемлекетке айналғанын атап өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам.

Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық.  Мұның бәрі, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге, бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі.

Кез келген халықтың табысқа жетуі азаматтарына байланысты. Бұл – өмірдің заңы.

Адам капиталы мықты мемлекет барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті.

«Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтылмаған. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша халқымыздың ортақ жеңісі. 

Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты.  Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматтарына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер