МЕМЛЕКЕТТІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

1980
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» кітаптарының тұсаукесерін өткізді.

Кітаптарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылуы мен мемлекетіміздің шекара шептерін қорғаудағы негізгі кезеңдері, әскери қызметкерлердің күнделікті жұмысының күрделілігі мен жан-жақтылығы жайында, сондай-ақ, жедел қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген күрделі операциялар туралы айтылған.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандырылған деректер мен жзбалар енгізілген. Тікелей қатысушылардың эмоциясымен байланыстырылып, қатаң деректі стильде ұсынылған жазба нақты адамдарға, оқиғалар мен фактілерге негізделген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер