ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 20 АДАМҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАДЫ

1152
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухана базасында жүрек қан тамырларына тың әдіспен ота жасалу жұмысы қарқынды жүруде. Қалалық аурухананың бас дәрігері Рахматалиев Асқардың жетекшілігімен коронарография әдісінің хиургиялық емі бойынша, 20 адамға тіліксіз ота жасалған.

Білікті сала мамандарының сөзінше, әлемде болып жатқан жағдай бойынша жүректің ишемиялық ауруынан пайда болатын өлім жітімнің саны күрт көбейіп кеткен. Алайда соңғы жылдары бұл сырқат түрі азаймасада, өлім саны бәсеңдеген.

«Коронаграфия әдісімен қалалық №2-ші ауруханасында көптеген оталар жасалуда. Нақтырақ айтсақ, күніне екі-үш науқасқа осы әдіспен ота жасаймыз. Амбулаторлы коронографияның пайдасы көп. Бұрын жүрек қан тамырларын көру үшін көп дәрігердің қатысуы керек болса, бүгінде жергілікті анестазия арқылы амбулаторлы түрде науқас ауруханаға жатқызылмай жүректің қан тамырларына кіріп, көріп шығуға мүмкіншілік бар. Ең бастысы-ешқандай ауырсынусыз, науқасқа еш кедергі келтірмейақ. 2-3 сағат ішінде науқас аман есен үйіне орала алады. Онымен қоса кез-келген уақытта науқасты стационарға жатқызуға болады, - дейді рентгенхирург дәрігері Серік Керімқұлов.

Коронарография - жүректің ишемиялық ауруын анықтаудың эталондық әдісі болғандықтан, 99 пайызы жеңіл түрде өтуде. Сол себепті операция кезінде наркоз берілмей, қан тамырының зақымдануына қарай хирургиялық ем 15-20 минут ішінде жасалады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер