«ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫ ЖАҢАША БАҒЫТТА САХНАЛАНДЫ

1637
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы жаңа музыкалық редакциясында көрермен назарына ұсынылды.

Опера шаһарда 2010 жылы А.Алтынбековтың режиссерлігімен сахналанған болатын. Ал, бұл жылы Қазақтың тұңғыш операсын жаңа бағытта сахналау үшін Ресей Федерациясының режиссеры Михаил Панджавидзе арнайы шақыртылды.

Бұл жолы операның музыкасы қайта редакцияланып, жаңа акустикалық, компьютерлік, жарық беру технологиясы қолданылды. Қойылым – хореография тұжырымдамасы мен кейіпкерлердің ойнау, сөйлеу, ән айту тәсілдері арқылы қазақтың дәстүрлі өнерінің басымдығымен ерекшеленеді.

Қойылымда ару Жібекті рөлін Әйкерім Шәріпбек пен жас солист Жұлдызай Мұсаева сомдады. Төлегеннің рөлін талантты әнші Мәдіхан Дүйсеев орындады.

Қазақ сахнасында ойып тұрып орын алған бұл туынды көпшіліктің көңілінде қайта жаңғырды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер