Өскеменде Тәуелсіздік монументі бой көтерді

3361
Adyrna.kz Telegram

Премьер-Министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Тәуелсіздік монументінің ашылуы салтанатына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тәуелсіздік монументі еліміздің тарихындағы және оның қалыптасу кезеңіндегі көптеген дәуірлік оқиғалардың негізі, мемлекетіміздің тұтастығы мен мызғымастығын бейнелейді, деді Асқар Мамин.

Ескерткіштің биіктігі – 15,7 м, диаметрі – 10,9 м.Жоғарғы бөлігінде Қазақ хандығының негізін салушылар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихын бейнелейтін барельеф бар.

Ескерткіштің орталық бөлігінде үш ұлы бидің – Төле бидің, Қазыбек бидің және Әйтеке бидің мүсіндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тілдегі сөзі бар: « Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әрбір адамның ең ұлы мақсаты, ең қасиетті борышы – Тәуелсіздік туын берік ұстау».

памятник Усть-Каменогорск

Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов, жазушы Әлібек Қаңтарбаев пен жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және облыс жұртшылығының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік және ауылшаруашылық әлеуеті жоғары екенін, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

Усть-Каменогорск памятник

1991 жылдан бері жалпы өңірлік өнім 25 есе өсті. Облыс бүкіл елдің өнеркәсіп өнімінің 10%-ға жуығын, Қазақстан Республикасының барлық қайта өңдеу өнімдерінің 11%-дан астамын өндіреді.
Облыс еліміздегі жетекші орынға ие қуатты индустриялық орталық болып табылады.

Индустрияландыру бағдарламасы өңірде бұрын өндірілмеген қосымша құны жоғары өнімнің ондаған жаңа түрін шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Облыс экономикасының маңызды саласы республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін агроөнеркәсіп кешені болып табылады.

Көлік және инженерлік инфрақұрылым белсенді түрде жаңартылуда, балабақшалар, мектептер, медициналық және спорт нысандары салынуда. Тәуелсіздік жылдарында 8 миллион шаршы метрден астам үй салынды.

Усть-Каменогорск акиматӨңірдің 2025 жылға дейінгі әлеуетін дамыту аясында металлургия, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, жаңартылатын энергия көздері, құрылыс сияқты келешегі бар салаларда жалпы сомасы 4,5 триллион теңгені құрайтын 200-ге жуық маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те сөз сөйледі.

памятник Усть-Каменогорск

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыстың ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлеріне, білім, денсаулық және спорт саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер