Ресей Қазақстанда АЭС салу үшін «Росатом» корпорациясын ұсынды

4072
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанға атом электр станциясын салу үшін «Росатом» корпорациясын таңдауға кеңес берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Менің ойымша, Қазақстан осы электр станциясының мердігері және құрылысшысы ретінде «Росатом»-ды таңдаса, ұтылмайды», – деді ол.

Елші өз сөзінде елімізде электр энергиясының тапшылығы байқалатынын атап өтті.

«Қазақстан энергетикасын жедел декарбонизациялау – бұл ел алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Сондықтан бұл мәселенің ең дұрыс және тиімді шешімі АЭС салу болатынын түсініп, қабылдау қажет. Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл істі қолға алуға дайын. Оның АЭС салуда үлкен тәжірибесі бар. Олар Беларуссияда, Түркияда, Үндістанда, Венгрияда, Бангладеште, Қытайда, Финляндияда, Египетте салынуда»,– деді Бородавкин.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер