Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталя Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қаулы етті:
“Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі билеу, адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмауы, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық қағидаттарына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт, құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысын негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасына боп өзгертілсін”
Тиісті заңға сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Сол күні ол еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде ант берді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
“Адырна” ұлттық порталы