Санақтан өту: Шымкент үздік үштіктің қатарында

1000
Adyrna.kz Telegram

6 қыркүйектегі мәлімет бойынша республика көлемінде 302 159 респондент онлайн санақтан өткен. Астаналықтар (46 480 адам) мен алматылықтардан (43 690) қалыспай, шымкенттіктер үздік үштікті түйіндеп отыр. Яғни, 40 791 шымкенттік санақ сауалдарына жауап беріп, есепке алынды.

756

Өткен аптада Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары мегаполистің жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық органдар қызметкерлеріне санақтан онлайн өтуге қатысты семинар өткізді. Дәріске 50-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, оларға санақ парақтарын толтыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
— Жаңа оқу жылының басталуына орай, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерімен Zoom бағдарламасы арқылы онлайн байланыс орнаттық. Ақпараттық дәріске балабақша, мектеп, колледжден 230-ға жуық мұғалім қатысып, онлайн санақтан өтудің қыр-сырын үйренді, - дейді аталмыш департамент басшысының орынбасары Жанар Ережепова.
Тұрғындар санақтан өту барысында туындаған сауалдар бойынша республикалық
1446 байланыс орталығымен байланыса алады. Сондай-ақ, мегаполис тұрғындары үшін арнайы жедел желі ұйымдастырылды. Енді шымкенттіктер күндізгі уақытта 39-50-75, тәулік бойы 8-700-639-50-10 нөмірлеріне хабарласып, жалпыұлттық санақтан онлайн өту үшін консультациялық көмек алуға мүмкіндігі бар.

Өткен аптада Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті ғимаратында санақтан онлайн өту үшін арнайы бұрыш ұйымдастырылғанын хабарлаған болатынбыз. Арнайы бұрыштың қызметіне жүзге жуық азамат жүгініп, 7 қыркүйекке дейін құжаты түгел 20 респонденттің онлайн санақтан өтуіне көмек көрсетілген. Сонымен қатар, тұрғындар жиі шоғырланатын мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен сауда орталықтарында да онлайн тіркелу бұрыштары ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, халық санағы кезеңінде санақ персоналына куәлік, халық санағының символикасы бар көк түсті шарф пен көк түсті сөмке беріледі. Куәлікте интервьюердің немесе нұсқаушы-бақылаушының суреті, сонымен қатар тегі, аты, әкесінің аты, құжаттың берілген күні және оның жарамдылық мерзімі, аумақтық статистика органының қол

Пікірлер