"TOPSELLER OF CHEMICAL PRODUCTS" ЖШС 50-ден астам өнім түрін шығарумен айналысады

404

Шымкент қаласында «TopSeller of Chemical Products» ЖШС 2019 жылдан бері Delix сауда белгісімен үйге арналған тұрмыстық химия, Mey сауда белгісімен косметика және жеке гигиена өнімдерін өндіреді.

Компания өнімдерін өндірудегі негізгі мақсат - ассортиментті үнемі кеңейту және жаңарту, ағымдағы нарықтық идеяларды жүзеге асыру, өнімді сынау, баға мен сапаның ең жақсы үйлесімін қалыптастыру.

2021 жылдың көктемінде компания Алматы қаласында, ал күзде Орал қаласында қосымша цех ашып, кәсіпорын отандық тауар өндірушілердің тізіміне енді. Сондай-ақ, химиялық өнімдердің TopSeller өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында өткен III Республикалық «Жасыл кеңсе-2021» байқауында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В», «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Recycling Company» ЖШС-мен бірге жеңімпаз атанды.

«TopSeller of Chemical Products» ЖШС қаншама жылдық еңбегі үшін Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Түркістан қаласының әкімі, Мақтаарал ауданының әкімі, Түлкібас ауданының әкімі, Жетісай ауданының әкімі, Қазақстан шахмат федерациясы және т.б. алғыс хаттар мен түрлі сертификаттармен марапатталған.

Сонымен қатар, кәсіпорын 2020 жылдан бастап бірнеше футбол клубтары мен шахмат турнилеріне қолдау танытып келеді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket