Шымкент жүрек орталығында кезекті шеберлік сағаты өткізілуде

3235
Adyrna.kz Telegram

«Шымкент жүрек орталығы» мекемесінде жүректің сол жақ қарыншасының қызметін жақсарту үшін механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау бойынша кезекті шеберлік сағаты өтуде.

Аталған шеберлік сағатын «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» КЕАҚ және «Шымкент жүрек орталығының» кардиохирургтары мен кардиологтары бірлесе ұйымдастырып отыр.

«Шымкент жүрек орталығы» бүгінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, мамандар даярлау және оқыту орталығына айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында да созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеудің хирургиялық әдістерін енгізу қолға алынып отыр. Бұған дейін аталған ота түрі тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалатын.

2018 жылдан бастап елімізде созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеу бойынша Жол картасы бағдарламасы іске қосылды. Оның шеңберінде өңірлерде созылмалы жүрек ауруларын емдеу кабинеттерін ашу көзделген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер