Бейбіт Сарыбай: Сәләпиттің саны артқаны кімге пайда?

1365
Adyrna.kz Telegram

Танымал жазушы Бейбіт Сарыбай бұған дейін де дәстүрлі емес діни ағым ұстанушыларын бірнеше рет сынаған болатын. Бұл жолы ол әзілдей отырып "діндарларға" ақыл-ұсынысын айтыпты. Өз пікірін жазушы Facebook-парақшасына қалдырған.

Турасын айтқанда, Б.Сарыбай "сақалдылардың" сақалсыздарға көзқарасының дұрыс емес екенін жазып отыр.

«Сақалды намазxан бауырларымыз біз секілді көселерді кемпірбет дейді. Жассың ба, кәрісің бе, бәрібір. Сақалың жоқ па, болды, кемпірбетсің. Алпыстан асқан, жетпіске жеткен кісілерді айтса келісесің ғой. Мына біздей он екіде тоғыз гүлі жаңа ашылып, оныншысы енді ғана қауыз жарғандарға обал емес пе?! Сондықтан мен ойлана келе мынадай ұсыныс жасап отырмын. Кемпірбет деп былш еткізбей, адамның жас мөлшеріне қарай былай мұқатыңыздар:

1. Қыздидар
2. Келінкелбет
3. Қатынбейне
Сосын барып төртінші кемпірбет деңдер», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

«Солар қызық-ей, біз сақалды қойғымыз келмегендіктен өсірмей жүргендей көреді. Шықпаса өлеміз бе. Әлде он-он бес тал қылпықты сорайтып қойып, Іші вирусқа толған бурын усталған сотка сат дей ме... Сәләпидің саны артқаны кімге пайда? Одан көрі xанафилермен ниеттес болып жүре бергеніміз дұрыс емес пе, а? Бұным қалай? Солай достар, көсе болмасақ жарастырып сақал қояр едік. Сөйтіп мына түрімізден жалыққандардың көзінің құрметіне бір жаңалық енгізер едік. Амал не, шықпайды. Ертениеттің мына пыраграммасына да рақмет, арманда кетпей, сақалды болсақ қандай болмағымызды көре кеттік. Құдай бермегенсақалды ектіретіндей еріккен сарт та емеспіз. Бопты жарайды, алдар атымызға көсе сықпыт та керек шығар. Енді қалған алпыс жылды осы түрмен-ақ бірдеңе қылармыз», - деп сөзін түйді жазушы.


sn.kz

Пікірлер