Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгере ме? - Министрлік жауап берді

2511
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты ешқандай өзгерістер енгізбегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ведомство мәліметінше, барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізді.

- Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес жеткіліктілік шегі – белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол БЖЗҚ-ға тұрақты 10% жарналарды ескере отырып, болашақта оны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің кез келгенін өзгерту автоматты түрде жеткіліктілік шегін қайта есептеуге алып келетінін атап өту қажет. Осыған байланысты Еңбекмині әдістеме бекітілгенге дейін жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептелетіні туралы бірнеше рет (2020 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде) хабарлады, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомство сондай-ақ заңға сәйкес зейнетақы жүйесінің жинақтаушы сегментінде саясатты іске асыруды, оның ішінде жоғарыда көрсетілген әдістеме негізінде жеткіліктілік шегін есептеуді бірыңғай оператор БЖЗҚ атынан жүзеге асыратынын, заң жүзінде БЖЗҚ-ның өз қызметі туралы консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру міндеті тікелей көзделгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтеріледі деп хабарланған болатын. Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмай, наразылықтарын білдірді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер