Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы

820
Adyrna.kz Telegram
Өткен жылы Шымкент қаласында 31 445 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 342-ге артқан. Үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби дүниеге келеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Яғни әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайға берген сұхбатында миллионды қаланың бүгінгі демографиялық жағдайына туралы айтқан болатын.
«Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің арасында егіздер мен үшемдердің де саны артты. Иә, қала халқы 90-жылдардағы 400 мыңнан қазір бір миллионнан асты. Демографиялық өсім де - ел тәуелсіздігінің жемісі, яғни Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. Отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 226 мың оқушы оқитын 186 мектеп бар»,-деп атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер