Атырауда 28 жастағы жүкті әйел көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)

2686
Adyrna.kz Telegram

Атырауда Жайық өзенінің үстіндегі көпірден секіріп кеткен 28 жастағы жүкті әйелді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

7 желтоқсан күні таңғы сағат 9.20 шамасында Атырау полицейлері бейнебақылау камераларынан жаяу жүргіншілер көпірінде "күдікті" әйел тұрғанын байқаған. Бұл ақпарат патрульдік полицияға берілген.

- Патрульдік полиция батальонының рота командирі, капитан Алмас Закариев жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, көпірдің арғы бетінен секірмек болған қызды көрген. Полиция қызметкері оны суицид жасау ойынан айнытуға тырысқанымен, қыз көпірден секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZELLO_ATYRAU🔥 (@zello.atyrau.official)

Оқиға орнына полиция лейтенанты Жандарбек Жаңбырбаев пен полиция сержанты Айбат Джаубаев келіп, көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып алған.

Айта кетейік, 1993 жылы туған жүкті әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер