Тапанша және пышақпен шабуылдаған: Алматыда үш қылмыскер ұсталды (ВИДЕО)

2780
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында үш ер адам тапанша және пышақпен жергілікті тұрғындарға шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

"Қараша айының 6-9-ы аралығында Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үш жергілікті тұрғын өздеріне қарсы жасалған қарулы шабуыл жөнінде арызданған. Үш қылмыскерде де медициналық бетперде болған және қалпақ және капюшон киген. Қылмыскерлер түнде жалғыз өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, күш қолдану арқылы зардап шеккендердің құны 330 мыңнан 840 мың теңгеге дейінгі қымбат ұялы телефондарын алып кеткен".
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Министрліктің мәліметінше, олар күміс түсті Hyundai Elantra көлігінде болған.

Бұл фактілер 1-бап бойынша тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192- бабы, 2-бөлігі, 1 тармағы «Бір топ адамдар жасаған қарулы қарақшылық шабуыл» бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қылмыскерлер Алматыда ұсталды. Олар бұрын тонау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Күдіктілерден пышақ, тапанша және ұрланған үш телефонның екеуі тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Белгілі болғандай, қылмыстық үштік жалға алынған көлікпен ойдағы әрекеттерін іске асырған болып шықты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер