Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 173-орында

1783
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда көлемі 5 Гбайт файл орта есеппен 5,83 Мбит/сек жылдамдықпен жүктеледі. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлем бойынша 173-орынға тұрақтады.5 Гбайт файлды жүктеп алуға 1 сағат 57 минут қажет болды.Бұл туралы телекоммуникациялық қызмет провайдерлерін салыстыруға маманданған Cable.co.uk британдық басылымының баяндамасында айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі ең жылдам интернетті Ұлыбританияға тиесілі Джерси аралының тұрғындары пайдаланады. Онда Интернеттің орташа жылдамдығы 274 Мбит/с-тан асады. Сонымен қатар, рейтингтің алғашқы бестігінде Лихтенштейн (211,26 Мбит/сек), Исландия (191,83 Мбит/сек), Андорра (164,66 Мбит/сек) және Гибралтар (151,34 Мбит/сек) бар.

ТМД елдері арасында (барлығы 11 ел) ең жақсы көрсеткішті Ресей көрсетіп отыр – орташа есеппен елде 35,66 Мбит/с жылдамдық тіркелді, бұл жалпы есепте 66-орынға шығуға мүмкіндік берді. Келесі орында: Украина (25,26 Мбит/с, 77-орын), Беларусь (19,86 Мбит/с, 92-орын), Армения (18,05 Мбит/с, 101-орын), Грузия (13,83 Мбит/с , 112-орын), Қырғызстан (7,44) Мбит/с, 155-орын), Өзбекстан (6,64 Мбит/с, 166-орын), Тәжікстан (1,82 Мбит/с, 211-орын) және, сайып келгенде, Түркіменстан жалпы кестені әлемдегі ең баяу интернеті бар ел ретінде жабады - 0,50 Мбит/с, және «құрметті» 224 орын. Мұнда бес гигабайттық файлды жүктеп алу үшін 22 сағат 34 минуттан астам уақыт кетеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер