Елордалық 2-қабаттан субұрқаққа секірген (ВИДЕО)

2304
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіт сауда және ойын-сауық орталығының 2-қабатынан субұрқаққа секірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Елорданың 19 жастағы тұрғыны достарымен бәстесіп, бірінші қабаттағы субұрқаққа секіргені анықталды. Оқиғаны сауда орталығының келушілері көрген. Астаналықты күзетшілер ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді ведомство өкілдері.

Қоғамдық тәртіпті бұзушы Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша құқықбұзушы қамауға алынды.

"Ұсталған ер адам бұған дейін де ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғаны анықталды, ол Алматы метросында музыканы қатты ойнатқан болатын", - деді полиция өкілдері.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер