«Омикрон» штаммы 38 елде анықталды

5183
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/a2069421-8f62-4cf8-b266-76c4391e581e.jpeg
«Омикрон» штаммы әлемнің 38 елінде анықталды, бірақ «дельта Covid-19-дың басым нұсқасы болып қала береді. Бұл туралы ДДҰ Төтенше жағдайлар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі уақытта «омикрон» ДДҰ-ның барлық алты аймағындағы 38 елде анықталды. Африкада инфекциялардың негізгі өсуі байқалады»,– деді ол онлайн-сессияда сөйлеген сөзінде.
Еске сала кетейік, жаңа штамм 11 қарашада Оңтүстік Африкада анықталған болатын. Сарапшылар  бірнеше айдан кейін ол Қазақтанға келеді деп болжап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии