Талибан басшылары қанша айлық алады?

4478
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстандық 8am.af порталы Талибан үкіметінің жалақысын жариялады. Ел басшысы молда Мұхаммед-Хасан Ахундтың ең жоғары жалақысы шамамен 2 мың долларды (882 мың теңге) құрайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл ауғанстандық стандарт бойынша айтарлықтай үлкен сома. Премьер-министрдің орынбасарлары (Талибан үкіметінде екеуі бар) әрқайсысы 1900 доллардан алады:

Жоғарғы Сот төрағасы - 1750 доллар

* министрлер - 1430 доллар

* барлау бөлімінің бастығы – 1430 доллар

* үкімет аппаратының басшысы– 1270 доллар

* Провинциялардың губернаторлары - 953 доллар.

* Кабул мэрі – 1100 доллар.

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани айына 940 000 ауғани алып отырды, бұл көрсеткіш 13 400 долларға тең. Билікті Талибан басып алғаннан кейін олардың валюта бағамы төмендеді.

Қазір үкіметтегі ең төменгі жалақы 5000 ауғани (52 доллар), ал жалпы ел бойынша ең төменгі жалақы 3000 ауғани (31,2 доллар) құрайды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер