Митинг: 2 мың адам Зеленскийдің отставкаға кетуін талап етті

3218
Adyrna.kz Telegram

Киевтегі алаңға шыққан 2 мың адам Зеленскийдің отставкаға кетуін және «билікті толығымен қалпына келтіруді» талап етіп жатыр деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы "dw.com-ға" сілтеме жасап.

Киев орталығында президент әкімшілігі мен мемлекеттік төңкеріс деп аталатын әрекетке қарсы бірнеше мың адам наразылық акциясын өткізуде. Акция «Украинаны қорғаймыз – төңкерісті тоқтатамыз» деген тақырыппен өтуде.

Украина астанасының орталығындағы басты Тәуелсіздік алаңына мыңнан астам адам жиналды. Олар — ұлттық корпустың, «Свобода» партиясының, сондай-ақ Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың Еуропалық ынтымақтастық партиясының өкілдері.

Спикерлерге арналған сахнада партия туларынан бөлек, «Украинаны қорғаймыз – төңкерісті тоқтат» деген жазуы бар баннер ілінген. Митингке қатысушылар Украина Президенті Владимир Зеленскийдің әрекетін конституцияны бұзу және ұлттық мүдделерден бас тартумен қатар жүретін мемлекеттік төңкеріс деп бағалауға болады деп санайды.

Митингке қоғам белсенділері мен Украинадағы төңкеріспен аяқталған алдыңғы шеруге қатысушылар шыққан. Олар Зеленскийдің отставкаға кетуін және «билікті толығымен қалпына келтіруді» талап етіп отыр.

Айта кету керек, 26 қарашада Украина Президенті Владимир Зеленский қолындағы ақпаратқа сәйкес, ел тұрғындары мемлекеттік төңкеріс жасамақ ниетте екенін мәлімдеді. Дегенмен Президенттің өзі дәл осылай болатынына сенбеген еді.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер