Орыс дарабозы мен Құран кәрімді ұштастырған - Сауытбек Абрдахманов

1216

Пенденің іші мен сырты тұтас болса, нағыз «тұлға». Сауытбек ағамыз жүзі жылы, жарқын адам. Журналистика жолында қырық бес жылдан астам ерен еңбек еткен, еңбекқор, садағы сөз, жебесі нақты, шыңға шыққан журналистердің бірегейі.

«Социалистік Қазақстан» газетінен басталған кішкентай қадам үлкен жетістіктерді бағындыруға өз септігін тигізді. Редакторлық, хатшылық, журналистік қызметтен бөлек, ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті аппараттарында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вицепрезиденті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті болды.

Қырық бес жылдан астам еңбек өтілінде, қырыққа жуық деректі фильмдер мен көптеген том шығармаларды қазақ тіліне аударған. «Жыл журналисі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», т.б. атақты лауазымдарға иеленген, топ жарған зиялы адам.

Атақ қуып, айды аспанға көтеріп айқайлап кететін адам емес екенін Сауытбек ағамыздың жанында жүрген жақсылар сан рет баяндады. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Абыз Әбіш» еңбегіне «Өнегелі ғұмыр, өрелі еңбек» деп баға берген филология ғылымдарының докторы Жанбибі Дүйсенбаева Сауытбек Абрдахмановтың өмірдегі, өнердегі дара жолынан сыр шертті. Тоғыз тараудан тұратын «Абыз Әбіш» кітабы көптің көңілінен шығып, автор еңбегі ақталды.

Сауытбек Абдрахмановтың «Құран және Пушкин» атты мақаласын тың мәліметтерге толы. Автор публицистикасының, ұшқыр ойының, тыңғылықты зерттеу әдісіне ғашық болуға тұрарлық.

«Құран және Пушкин». Құран мұсылманның қасиетті кітабы болса, Пушкин әлемге әйгілі орыстың дарабозы. Пушкин мен Құран кәрімнің не қатысы бар? деген сұрақты поэзияның, поэманың не екенінен мақұрым адамдар қояды.

«Ақын шығармаларын оқи-оқи келiп, «Ақыры бiр тосын ой түйдiм-ау» дегеннiң өзiнде ол ойдың бұған дейiн еш жерде, еш елде, еш тiлде айтылмағанына кепiлдiк ету қиын. Ақын жайында жарияланған мыңдаған мақалалардың арасында дәл сол тақырыпты қозғаған, онымен қоймай дәл сол қырынан қозғаған, тiптi дәл сол ойды айтқан автор табылуы әбден мүмкiн». (үзінді)

Расымен, автордың ойын оқи отыра оқырманның да өз түйген түсінігі бөлек. Қалам тербеуі де, шабыт шақыруы да, тіпті бәріне ортақ бір ойды құбылтып жазуы да мүмкін.

Пушкин өнері адамдарды сөзбен емдеді. Халық сөз құдіретінің қасиетін түсінді. Мейірімділікке, жақсылыққа бой бұрды. Еш нәрсеге ұқсамайтын бөлек өнер сатысын құрған Пушкиннің өмірі де «туынды». Дарабоздың поэзиялық, прозалық, драмалық, философиялық туындылары адамның «ойлау» процесін шыңдай түседі. «Ойланбайтын адамнан қорқу керек» дегендей, ойлы адам түбінде жақсылыққа үйір болатыны сөзсіз.

1826 жылы 8 қыркүйекте жарық көрген «Пайғамбар» өлеңі дәл осы Сауытбек Абрдахмановтың материалына арқау. Пушкин жазған бұл өлеңде, ақындық Алладан келетін қасиетті күш екенін бастап жазған шумақтар Құран кәрімді насихаттау жүйесін қолданғандай.

Орыс классиктері, пушкинтанушы жазушылар «Пайғамбар» өлеңінің Құранға, Мұхаммед пайғамбарға еш қатысы жоқ деп жазып әлек. Алайда өлеңнің әр сөзі, тармағы, шумағы аят пен хадиске толы. Расымен, хадисті мұсылмандар тек пайғамбардың жиғаны деп есептейді. Негізінен, хадис ол заң.

Мейірімділікк, құштарлыққа, жақсылыққа, әлемнің бар әдемі көркем мінезіне ғашықтықты Пушкин Құраннан алған. Сол кезде орыс тіліне аударылып басылмаған қасиетті кітапты француз тілінде оқып, керегін алған. Библия мен Құранда айтылатын нәрселердің 50 пайызы бір-біріне ұқсас. Оған шүбә жоқ. Екі кітаптың да дәріптейтін дәрісі – көркем мінез.

« «Құранға елiктеудi» мұқият оқыған, оның үстiне пайғамбарымыздың өмiрiмен аз-кем таныс адам бұған күмән келтiрмейдi. Расында да, Пушкин жырында Мұхаммед пайғамбардың ғұмырындағы белестi кезеңдердiң бәрi дерлiк қамтылған. Қараңызшы: бiрiншi жыр («Ант етем дақ сан, жұп санмен») Мұхаммедтiң Меккеден Мединеге қоныс аударуын (Григорий күнтiзбесiмен алғанда 622 жыл – Хиджра, мұсылман күнтiзбесiнiң бiрiншi жылы), екiншi жыр ( «Нәбидiң ару жарлары») пайғамбардың Зейнепке үйленген тұсын (627 жыл), үшiншi жыр («Тiксiндi кенет пайғамбар») Меккеден қуылған кезiн (622 жылға дейiн), алтыншы жыр («Түсiмнен кеттiм оянып») Меккеге қайта оралған тұсын (630 жыл), жетiншi жыр («Қорқағым, бойды жи») таудағы үңгiрде алғаш рет Құдай аян берген кездi (609 жылдан кейiн) өлеңмен өрнектейдi». (үзінді)

Әр сөзді аяттан алған Пушкин өнерін зерттеп, бізге дәріптеген Сауытбек ағамыздың ауқымды мақаласы тек орыс дарабозының өмірінен ғана тұрмайтыны түсінген адамға айқын. Ислам дінінің нәзіктігі, хадистің қатаңдығын емес әдемілігін, Пайғамбарымыздың өзге дінді ұстанушы адамдарға да үлгі бола алғандығын жеткізді.

Діни сауаттылығымен қатар, өз кейіпкерінің өмірін, өнерін, өлеңдегі өрнегін ерінбей зерттеу арқылы өнегелі туындысы жарық көрді.

Сауытбек Абрдахмановтың өз төл туындыларын оқи отыра, көркем мінезін, үнемі байыппен, сабырмен жазатын қалам сиясын сезіндірді. Құдіретті күшке ие қасиетті Құран кәрімде жазылған әр сөзді тізбектей келе, Пушкин жүрген жолдың мұсылман жолына сай келетінін, Ислам дінінің, иманды адамның пішінін суреттей білді.

Інжу ӨМІРЗАҚ,

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket