Қарағандыда жол апатынан 6 айлық сәби көз жұмды

4526
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/photo_90457.jpeg
Қарағандыда екі көлік соқтығысып, 6 айлық нәресте алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Жол-көлік оқиғасы Майқұдықта орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Карл Маркс көшесінің бойымен Лиговская көшесінің қиылысында ол сары бағдаршамға өтіп, Volkswagen Golf-пен соқтығысқан. Гольф көлігін 24 жастағы жүргізуші басқарған, ал көлікте 25 жастағы жолаушы мен оның алты айлық баласы болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

- Факт полицияға тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДПД баспасөз қызметі.
Жүргізушілер мен жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, алты айлық сәби алған жарақатынан көз жұмды. 

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии