Төрегелді Шарманов: "Семірудің негізінде энергетикалық дисбаланс жатыр"

4359
Adyrna.kz Telegram

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов өзінің фейсбук парақшасында артық салмақ пен дұрыс тамақтануға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ғалым: "Бізде семіз кісілер көбейіп барады. Семірудің негізінде энергетикалық дисбаланс жатыр. Жақсы тамақтануды көп тамақтанумен шатастырмау керек. "Жақсы тамақ қалғанша жаман қарын жарылсын" дегендей мәтелдер жоқшылық кезде шыққан. Артық салмақтың ауру екенін бәріміз бірдей түсіне қойған жоқпыз. Қарын ұзарған сайын өмір қысқара береді деп кесіп айтпаймын. Әркімнің дене тұрқына қарай әрқилы ет біте береді, әйтсе де семіруден сақтану керек. Мұны адамдар ертеден-ақ білген. Мысалы, Спартада жас жігіттер семіре бастаса қаладан қуылатын болған", — деп жазды.

Айта кету керек, 91 жастағы академик өзінің парақшасында оқырмандар үшін үнемі пайдалы мәліметтер жазып, кеңестер айтып отырады. 

 

"Адырна" ұлттық порталы. 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер