Шенеуніктердің жалақысын 50 пайызға қысқарту ұсынылды

2026

Ақтөбе басшысы Ілияс Испановтың халық алдында есеп беруінен бері бір апта уақыт өтсе де, жергілікті БАҚ аталған шарада көтерілген өзекті мәселелерді әлі де талқылап жатыр, деп хабарлайды «Ақтөбе Таймс».

«Зейнеткерлер мен мүгедектер билікті сыбайлас жемқорлық үшін айыптады. Олар әкімдік қызметкерлеріне наразылықтарын білдірді. Көбінесе медицина және әлеуметтік саладағы олқылықтар туралы айтылды», - делінген мақалада.

Екінші топтағы мүгедек Сәлімгерей Сәтиев жолдардың жасалмауы мен дәрі жетіспеушілігіне шағымданды.

«Президент мүгедектерге қолдау білдірілу керектігі туралы айтқан болатын. Бірақ біз бірде бір қолдау көрмедік! Бұл біздің шенеуніктер жұмыс істемейді деген сөз. Мен олардың жалақысын 50% қысқартып, оны медицина саласына аударуды ұсынамын. Бізде дәрігерлер тек екі сағаттан жұмыс істейді. Сапарбаев мырза, олар осы уақытта не істеп үлгереді деп ойлайсыз?» - дейді ол.

Зейнеткер Алдабергенов жемқорлықтың көбейіп келе жатқанына наразылық білдірді.

«Менің саяжайым болды. Оны маған құрылысы бітпей тұрып сыйлады. Әжем екеуіміз бақташылықпен айналыстық. Кейін біздің саяжайымызды тартып алды. Құжаттардың дұрыс еместігін айтты. Нәтижесінде жаңа жер телімін берді. Бірақ бұл саяжай емес, адам тұрмайтын бір жер. Мен әртүрлі инстанциядан өттім, барлық жерде жемқорлық бар. Барлық жерде «Сәке-Бәке». Полицияға барсам да, еш пайда болмайды. Менің өзімді ақымақ қылады! Біздің жерімізді қайда жіберді? Кедей болғандарың соншалық, қариялардың жерін тартып алатындай дәрежеге жеттіңдер ме?» - деді зейнеткер шенеуніктерге.


ДЕРЕККӨЗ: baq.kz

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket