Алматыда жұрт диссидент, ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

2755
Adyrna.kz Telegram

26 қарашада күндіз Алматыда жұрт диссидент, ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Арон Атабектің жаназасы қарындасының үйінде оқылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қоштасу рәсіміне көп адам жиналды. Олардың арасында диссиденттің әріптестері, саясаткерлер, қоғамға танымал белсенділер болды. Олар марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Арон Атабекті Алматы маңындағы Бағанашылдағы зиратқа жерлейді.

24 қарашада кешке диссидент, ақын Арон Атабек ауруханада көз жұмған. "Шаңырақ оқиғасы" бойынша сотталып, 15 жыл түрмеде отырған Атабек 1 қазанда денсаулығына байланысты қамаудан босатылған.

Ол түрмеден орала сала денсаулығы күрт нашарлап, төсек тартып жатып қалған. Шамамен бір айды аурухана реанимациясында өткізді.

Диссидент өзіне тағылған айыппен келіспей, жылдар бойы толық ақтауды талап еткен. Жақтастары "ол жазықтан жазықсыз түрмеде 15 жыл отырды, билік оны ашық өткір сыны үшін түрмеге қамады" деп санайды.

Ол жуырда түрмеде шыққаннан кейін бір топ белсенді мен саясаткерлер Арон Атабекті қорғау комитетін құрып, халықаралық сотқа шағымданып, Арон Атабектің ісін қайта қарауға қол жеткізуге күш салатынын айтқан. 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен жергілікті белсенділер оның өліміне билікті кінәлап, түсініктеме талап етті. Халықаралық дәрежеде тергеу жүргізу қажеттігін де алға тартты.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер