Түркия елінің Ыстамбұл қаласында "Алтыбақан" ойын-сауық ән кеші өтті

4983
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен  Түркия елінің Ыстамбұл қаласында "Алтыбақан" ойын-сауық ән кеші өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қазақ халқының  мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың тұрмыс-салтқа бағытталған "Алтыбақан" ұлттық ойыны – қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтысып, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші.

Осы ұлттық ойынның төңірегінде әуелеткен дәстүрлі ән мен күмбірлеген күй, билеріміз бір-бірімен астасып, ойын-сауық ән кеші ұсынылды.

Дәстүрлі өнерімізді ұлықтаушы «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұжымы күні кеше Түркия еліне, Ыстамбұл қаласына, «Алтыбақан» ойын - сауық бағдарламасымен іс-сапарға аттанды.

«Алтыбақан» ойын - сауық бағдарламасында дәстүрлі әндермен қатар ұмыт болып бара жатқан, көне дәстүрлі ән-жырлар да орындалды. Театрымыздың толық шығармашылық тобы (60-қа жуық артист) өнер көрсетті.

Бүгінгі күні түркі әлемін қазақ өнерімен сусындатса, болашақта қазақтың дәстүрлі өнерін әлемге паш етпек. Күміс көмей, жез таңдай әншілеріміз түрік тілінде де ән шырқады.

”Адырна” ұлттық порталы

 

 

Пікірлер