Ресей шахтасында 11 кенші қаза тапты

3152
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Кемеров облысындағы «Листвяжная» шахтасында өрт салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда тағы 36 кенші іздестіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да белгісіз себептермен шахтаның желдеткіш қуақазында көмір шаңы жанып, нәтижесінде түтін пайда болған. Жер астында болған 285 кеншінің 235-тен астамы сыртқа шығып үлгерген.

Ресей ТЖМ Кемерово облысына дәрігерлер, психологтар және жұмыс тобы бар ұшақ жіберді. ТЖМ басшысының міндетін уақытша атқарушы Александр Чуприянның айтуынша, ТЖ орнынан 44 шахтер ауруханаға жатқызылған, олардың төртеуі ауыр халде.

Айта кетейік,  Тергеу комитеті "Қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырды" деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер