Аронның қызы: Әкемнің қолын алды, жаза алмау үшін, аяғын алды халқына бара алмау үшін

2591
Adyrna.kz Telegram

Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан инстаграмдағы парақшасында әкесі туралы жазба қалдырды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Мен әкемді осыдан 10 күн бұрын, яғни, 13 қарашада көрдім. "Сұңқар" клиникасына мені бір-ақ рет кіргізді. Сол кезде сауалдарыма толық жауап ала алмадым. Міне, бірнеше сағат бұрын әкем дүниеден өтті. Біз оны басқа үйде және клиникада қандай дерттен "емдегенін" де білмейміз. Ендігі үміт оның денесін ашып тексеру болмақ.  Сол кезде ғана біз сауалдарымызға жауап алып, күдігіміз сейілер деп ойлаймыз. Заң тұрғысынан барлық шаралар орындалады деп сенеміз", — деп жазды ол.

Айдана Айдархан өз жазбасында әкесі 1980-жылдары өзінің қалай көз жұматынын айтқанын атап өтті.

"Сұңқар" клиникасында оның бізбен тілдесуіне мүмкіндік берілмеді: тамағында тесік болып, оған демалу үшін трубка салып қойды. Бұдан бұрын әкемнің қолын алды, жаза алмау үшін, аяғын алды халқына бара алмау үшін. Оның өлеңдері өзіне қойылған мәңгі ескерткіш болып қалады", — деп жазды Арон Атабектің қызы.

Айта кету керек, Арон Атабек кеше ауруханада көз жұмған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер