Алматыда әйел үш баласымен бірге терезеден секіріп кетті

7148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/vypr-4af630928f66-750x422-1.jpeg
Алматыда 28 жастағы келіншек үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға "Жетісу"шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.
- 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін полиция департаменті жедел-тергеу тобын құрды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии