Шымкентке Vero Cell вакцинасы жеткізілді

39

Шымкенттік тұрғындарға енді қытайлық Vero Cell вакцинасы қолжетімді болмақ. Үшінші мегаполисқа күні кеше ғана екпенің 80 000 дозасы жеткізілді. Оның 40 000-ы бірінші компонент, ал қалғаны екінші компонент. Екпенің бұл түрі шаһардағы барлық мемлекеттік және жекеменшік короновирусқа қарсы вакцина егу пунктерінде жеткізілді дейді жауаптылар.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
«Қазіргі таңда қаламызда вакцинация таңдауы өте жоғары бар бізде қазіргі таңда. 5 вакцина бар. Адамдар өздері таңдауына байланысты салдырса болады. Олар спутник, казвак, короновак, хаят вак, және күні кеше ғана келген Vero Cell».

Айта кетейік, қаладағы барлық егу пунктері таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, жұмыс орнында 10-нан аса қызметкер антидот қабылдайтын болса, дәрігерлер өздері келіп вакцина салады. Бүгінде осы мақсатта 25 жылжымалы пункт жұмыс істеуде.

Пікірлер
Редакция таңдауы