Шымкенттік спортшы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

1794
Adyrna.kz Telegram

Жақында Грецияның Салонаки қаласында самбодан жастар біріншілігі бойынша Әлем чемпионаты өтті.

Бәсекелі әлемдік жарыста Қазақстан құрамасы командалық жарыста жүлделі 3 орынға ие болды. Құрама қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 11 қола медаль бар.

Әлем чемпионатында спортшылар әртүрлі салмақта өнер көрсетті. Қыздар 47 кг, 50 кг және 54 кг салмақ арасында сынға түссе, ұлдар 53 кг, 58 кг және 64 кг арасында бақ сынасты. Сондай-ақ, қыздар арасында 80 кг және одан да жоғары салмақ, ал жасөспірімдер 98 кг және оданда жоғары салмақта күресті.

Әлемдік додаға шымкенттік спортшылар да қатысты. Солардың бірі жерлесіміз Құдірет Досымов 88 кг салмақ бойынша күміс медаль жеңіп алды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер