Шымкент әкімдігі санақ персоналына 246 планшет табыстады

25

Ұлттық санақтың бірінші кезеңінде Шымкент қаласындағы жылымайтын мүліктердің мекенжайын нақты көрсететін жаңартылған карта әзірленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Санақтың екінші кезеңіне 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1 304 интервьюер тартылады. Қала аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік обьектілері мен олардың мекенжайлары бойынша жаңартылған карта әзірленіп, Статистика органына 246 дана планшет ұсынылды. Санақ персоналын үй-жаймен қамтамасыз ету бойынша 155 нұсаушы учаске белгіленіп, жиһазбен, құрал-саймандармен, телефон байланысымен және интернетпен жабдықталды», - деген шаһар басшысы қала аумағына жуық ғана қосылған елді мекендерге қатынау үшін санақ персоналына арнайы көлік бөлінгенін атады.

«Санақ персоналына қала аумағына кейін қосылған елді мекендерге қатынау үшін 14 жеңіл автокөлік ұйымастырылды. Қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, санақ пеорсоналы вакциналаудан өтіп жатыр. Санақ персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция өкілдері профилактикалық және ұйымдастыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізді», - деді Мұрат Әйтенов. Еске салсақ, бүгінгі Үкімет отырысында бюро басшысы биылғы санаққа пандемия, вакцинаға қатысты мәселелер сұрақтар қосылып отырғанын атап өтті.

«Санақ парақтарына халықтың көші-қоны, тіршілік қабілетін шектеу, пандемияның табыс деңгейіне әсері, коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық және халықты вакциналау туралы жаңа сұрақтар енгізілді. Жұмыспен қамту, тіл меңгеру, мекен жағдайы және бала туу туралы сұрақтардың қатары кеңейтілді», - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы