«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР КӨРМЕСІ»

351

Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» аллеясында «Тәуелсіздік жылдардағы Құрметті азаматтары» атты көрме ұйымдастырылды. Қаланың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосып, әр салада еңбегімен жетістіктерге жетіп, халықтың құрметіне ие болған үздіктердің, қоғам қайраткерлерінің, дара тұлғалардың есімдерін жастар арасында насихаттау шараның басты мақсаты.

Тәуелсіздік жылдарында 139 әр салада еңбегі еленген қала тұрғынына «Құрметті азамат» мәртебесі берілген.
Сондай тұлғалардың бірі –ардагер ұстаз, өз ғұмырын білім саласына арнаған Жүзбаева Набира Жүзбайқызы. Іс-шара барысында ардагер ұстаздың өмір дерегі жастарға таныстырылды. Жастармен сыр сұхбат жүргізілді. Шараны ұйымдастырушылар алдағы уақытта да еңбегі еленген тұлғалармен кездесулер мен оларға құрмет көрсету жалғасын табады дейді. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы білім саласындағы басшылық қызметте болған 104 ардагер ұстаз бар. Оның 8-і Шымкент қаласының «Құрметті азаматы».

Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы