НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ: Радикалдар бала өлсе өле берсін, әйел дәрігер керек деп қатып қалады

2227
Adyrna.kz Telegram

Дәрігер ініммен сөйлесем ғой. Күйетін мәселесі көп. Жедел жәрдемде кейде шұғыл аяғы ауыр әйел су кетті, қан кетті деп шақырту түседі. Қиқулатып басып барамыз. Мақсат біреу - әйелді тез роддомға жеткізіп, іштегі баласы екеуін аман алып қалу.

Жетіп келсек, есік алдында жиырмадан енді асқан, қаба сақалы кеудесін жапқан бір жас бала қарсы алады. Әйел дәрігер болмаса, үйге кірмейсің деп есік алдында тұрып алады. Әй, әйеліңді қазір жеткізбесек, балаңнан айырыласың десем, бала өлсе-өле берсін, әйел дәрігер керек деп қатып қалады дейді.

2 млн халық тұратын қалада минут сайын шақырту түседі. Оператор оның қайсысына әйел дәрігер, еркек дәрігер деп бөліп отырады. Содан бас тартамын деп жазып, өзің таксимен жеткіз деп амалсыз кетіп қаламыз дейді.

Бұл нені көрсетеді? Діни радикализм адамның бойындағы мейірім, аяу, қамқорлық деген табиғи гуманистік қасиетті де өлтіруі мүмкін.

Радикалды бағытқа көбіне жастай базарға, таксилікке, құрылысқа, кейде спортқа кеткен жігіттер тез ұрынады. Бәрібір білім керек, кемі 4 жылдық академиялық білім алған адамнан үміт бар.

Пікірлер