Шымкентте жаңа клиника ашылды

2001
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте көз аурулары бар науқастарды қабылдайтын заманауи үлгідегі жаңа клиника ашылды.

Жаңа медициналық орталықтың ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және Шымкент қаласының әкімі қатысты.

Орталықта консультативті-диагностикалық, лазерлік ем бөлімшелері бар. Сонымен бірге күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін станционарлар ашылып, науқастарға 38 төсек орны дайындалған.
Нәтижесінде, көз ауруы бар оңтүстік тұрғындары басқа қалаларға сабылмай, Шымкенттің өзінде медициналық көмек ала алатын болады.

Көз аурулары клиникасында 81 адам жұмыспен қамтылып отыр. Онда
жалпы адам организмінің көру қабілетімен байланысты 15 ауру түрлері бойынша нозологиялық қызмет көрсетіп, ем шараларын жүргізеді. Сонымен бірге озық медициналық жабдықтармен қамтылған клиника алғашқы отаны бүгін жасамақ.

Айта кету керек, биылдың өзінде Шымкентте 5 медицина орталығы ашылған. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда 1 аурухана, 10 емхана, 12 дәрігерлік амбулатория салынбақ.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер