Тұңғышбай Жаманқұлов пара алып, сотталған Ерлан Біләлге қатысты ашық пікірін білдірді

2473
Adyrna.kz Telegram

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жуырда ғана пара алғаны үшін сотты болған Ерлан Біләл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.

Тұңғышбай мырза Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына берген сұхбатында «танымаймын, кездестірмедім» деп әзілдеп те алды .

Хабар барысында кезінде өзі де істі болған танымал актер көп нәрсенің басын ашып айтты. Атап айтқанда Ерлан Біләлге не үшін қолдау білдірмегінін жария етті.

-Ерлан менің шәкіртім. Менің басыма қара бұлт үйірілгенде қайда барарын білмей әуре сарсаңға түскен балам сияқты. Менің жағыма шығайын десе басшыларынан қорқады, басшы жағына шығайын десе мені ойлайды.Сөйтіп қиын жағдайға түскенін жақсы білемін.

Қоңырау шалып, қолдау білдірген жоқпын. Өйткені маған олай істеуге болмайды, ол жігіт телфон алмайды да. Екіншіден оған одан сайын зиян келмесін деген ұғымнан тартынғаным рас. Сол себепті үнсіз қалуым дұрыс деп ойлаймын. Өйткені менің басыма күн туғанда мені қорғап жазған қыз келіншектердің, журналистердің басына күн туды, жұмысынан айырылды, сөзге қалды дегендей мәселелер болды. Егер мен хабарласа қаласам «бұл ұстазының адамы екен ғой» деген оймен қиын бола ма деп тартындым. Өйткені халыққа сөзім өтіп тұрса да, ондай ведомствоның жандайшаптарына сөзім өтпейді, - деді актер.

">
Пікірлер