Шымкенттік спортшылары жеңіспен оралды

912
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік спортшылар кикбоксингтен өткен Әлем кубогында толағай табыспен оралды. Бұл жарыс 16-19 қыркүйек күндері аралығында Венгрия елінің Будапешт қаласында өткен болатын.

Сайысқа қатысушылар кадеттер, жастар және ересектер категориясы бойынша бақ сынасты. Кіл мықтыларды жинаған жарысқа жаһанның 35 мемлекетінен 2500 спортшы қатысқан.

Жаңабай Әшірбеков, Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы: «Шымкент қаласынан ересектер арасынан 3 спортшы, кадеттер арасында 5 спортшы, жастар арасында 1 спортшы қатысты. Ересектер арасында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола; жастар арасында 1 алтын; кадеттер арасында 4 алтын, 1 күміске ие болдық».

Ата-аналар мен бапкерлердің артқан үмітін ақтаған саңлақтар мұнымен тоқтап қалмаймыз деп отыр. Енді олар алда Италияның Венеция қаласында өтетін Әлем Чемпионатында топ жаруды көздеп отыр.

Әлихан Файзханов

Пікірлер