Шымкент: Бос жұмыс жәрмеңкесінде 1000-ға жуық адам жолдама алды

1105
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі «Арбат» алаңында өткен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қаладағы 50-ден аса жұмыс беруші кәсіпорындары мен мекемелер қатысып, 9000 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесін көрсеткен жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа 790 азамат, ал «Жастар практикасы» бағдарламасымен 121 жас жолдама алды.

Тұрақты жұмысқа жолдама алған қала жастарының бірі – Айсұлу Қорабаева. Ол биылғы жылы Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Жұмыс іздеп жүрген қала тұрғыны дәл осы жәрмеңкеде мамандығы бойынша жұмыс тапты.

– Бүгінгі жәрмеңке жайында ақпаратты әлеуметтік желі парақшасында көріп, қуана келдім. Жәрмеңкеге келген соң бос жұмыс орындары тізімін толық қарап, өз мамандығым бойынша лайық келетіндеріне жекелей бардым. Осылайша, бастауыш пәні мұғалімі болып қаладағы №120 мектепке жолдама алдым. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының мамандары түйіндемені дұрыс жазу жолдарын түсіндірді-дейді 26 жасар қала жасы.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Солтүстік өңіріне қоныс аудару бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде еліміздің Солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға 100-ден аса шымкенттіктер қызығушылық танытып, ниет білдірді.

Айта кетсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 2384-і жастар практикасымен, ал 102-і алғашқы жұмыс орны жобасымен жұмысқа жолданды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер