Шымкент: Оқушылар вакцина алуда

902
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде әлеуметтік желіде балалар мен жүктілерге салынатын вакцина турасындағы жалған ақпараттар көптеп тарап жатыр. Онда «балаларды мектепке вакцина салу үшін шақырып, түберкүлезге қарсы екпенің сылтауымен короновируска қарсы вакцина салынып жатыр» делінген.

«Балаларыңызды мектепке жібермеңіздер» деген негізсіз қауесетті естіген ата-аналар вакцина салғызудан қауіптеніп, екпе алудан бас тартуда. Алайда мамандардың айтуынша көптің аузында жүрген бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Тіпті қалалық білім басқармасының басшысы «оқушыларға ковидке қарсы вакцинация салынбайтынын, әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың жалған екендігін кесіп айтты. Кез келген екпенің түрі балаға тек ата-ананың рұқсатымен салынады. Сол себепті алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Екпе тұрғындардың қалауымен, ерікті түрде салынатын болады. Айта кетейік, бүгінде қала мектептерінде балаларға туберкулезге қарсы «манту» сынамасын салу жүріп жатыр.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы: «Балаларға короновирусқа қарсы вакцина салу үрдісі орын алған жоқ. Бұл кейбір ата-аналар арасында тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл дезинформация».

Дәрігерлердің айтуынша, бұл қазір мектептерде салынып жатқан вакцина жылда жоспарлы түрде жүргізілетін түберкулезге қарсы екпе.

Айнұр Бекасанова

Пікірлер