«Қыз Жібек» операсының премьерасы өтті

3016
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік көрермен «Қыз Жібек» операсының премьерасын тамашалады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұлттық алтын қордағы асыл мұрамыз саналатын Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қалалық опера және балет театрының сахнасында қойылды.

Төлеген мен Жібектің қайғылы махаббаты бейнеленген операның либреттосын әдебиетіміздің классигі Ғабит Мүсірепов қағазға түсірсе, музыкасын Евгений Брусиловский жазды. Бұл туындыда композитор халық әндері мен күйлерін шебер өрнектей білген. Жаңаша жарық көрген көрнекті шығарманың қоюшы режиссері – Михаил Панджавидзе. Қойылымның музыкалық жетекшісі және қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Ал көркемдік жетекші – Майра Мұхамедқызы.

Нағыз махаббат хикаясын көрермендер 86 жылдан бері үлкен сахнада тамашалап келе жатқанын атап өткен жөн. Бірақ бұл жолы режиссура мен сценографияда көрсетілген өзгешеліктерге байланысты опера жаңаша шырқалды.

Азамат ЖАППАР

Пікірлер