Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!" байқауы басталды

475

Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты «Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру. Байқау Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушыларының арасында өткізілуде.

Байқаудың ережесіне сәйкес қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, 6-10 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. 1-ші орын иеленген жеңімпаз оқушы республикалық байқауға жолдама алады.

Пікірлер
Редакция таңдауы