Жаңа қарқын: гемодиализ орталығы ашылды

58

80 мыңға жуық тұрғыны бар Арыс қаласында гемодиализ орталығы ашылды. Бұған дейін Арыстың созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дертіне шалдыққан 40-тан астам тұрғыны Шымкентке қатынайтын.

Жаңа ашылған орталық бір мезетте 6 пациентті қабылдай алады. Науқастарға сапалы қызмет көрсету мақсатында арнайы аппаратын Жапониядан алдырған.

Ал суды сүзгіден өткізіп, құрамын байыту үшін Германиядан қосымша құрал-жабдықтар әкелген. Айта кетер жайт, мұнда тек Арыс қаласының тұрғындарына ғана емес еліміздің кез келген азаматына тегін қызмет көрсетеді.

Ал, науқастарға берілетін тағам түрлері мен тасымалдау жұмысы да шешімін тапқан. Орталықтың ұсынған қызмет түрін түтыну үшін азаматтар жеке басын куәландыратын құжатпен келсе болғаны.

Жанерке Хумар

Пікірлер
Редакция таңдауы