Мектептерде Тәуелсіздік жетістіктері сараланды

40

Қыркүйек айында Шымкент қаласындағы барлық орта білім беретін мекемелерде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізілетін болады.

Жас ұрпаққа тәуелсіздіктің сырлы тарихы мен қасиетін түсіндіретін жоба аясындағы алғашқы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектепте бастау алды.

Ашық сабақта 30 жыл ішінде жеткен жетістіктер мен еліміздің саяси-әлеуметтік жағдайы, мәдени-рухани құндылықтар сондай-ақ тарих, білім турасында сөз етілді. Кездесуге ардагер ұстаз Нышанбек Байғұтов, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Меруерт Асқарбекқызы қатысты.

Атаулы іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын, егемен елдің қалыптасу мен даму жолдарын ұрпақ санасына сіңіру.

Айта кетейік, ашық сабаққа тек мұғалімдер мен оқушылар ғана емес, қаланың дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері де қатысатын болады.

Гүлдана Дәурен

Пікірлер
Редакция таңдауы