Шымкентте өткен тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

34

Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 140 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

91 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 49 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 50%-ды құрайды, 1498 төсек орын бос.

Инфекциялық стационарда 1552 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 300 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде 6412 адам вакцина алды.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 344 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.Мамандар карантин талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке алып келіп қана қоймай, қоғам денсаулығына да әсер ететінін ұмытпау қажет дейді.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы