Саакашвилидің жағдайы ауыр

3607
Adyrna.kz Telegram

Жағдайының нашарлауына байланысты Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили жатқан түрме ауруханасына реанимациялық көлік келген. Бұл туралы Грузияның бұрынғы басшысының сүйіктісі, Украинаның Жоғарғы Радасының депутаты Елизавета Ясько хабарлады.

"Дәл қазір Михаил Саакашвилидің жағдайы күрт нашарлап кетті. Төсектен тұра алмайды. Енді оны жансақтау бөліміне эвакуациялау керек", - деп жазды Ясько Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Саакашвилидің дәрігері қазір түрме ауруханасында, ол экс-президенттің жағдайы туралы түсініктеме берді.

"Уақыт зымырап өтіп жатыр, достар. Ғажайып дүние жоқ. Президентіміз күннен-күнге нашарлап барады. Бұл жерде тек шешім оның өлімі болады, медицинада дәрмен жоқ", - деп дәрігердің сөзін жеткізді депутат.

Саакашвилидің сүйіктісі оны қайда апару керектігін білмейтінін атап өтті.

Айта кету керек, кеше, 13 қарашада Грузияның экс-президентінің және оппозициялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының жақтастары саяси шеру өткізу үшін Тбилисиде ел парламенті алдына жиналды. Жиналғандар талаптарын, яғни, Саакашвилиді түрмеден жай ауруханаға ауыстыру және оны босату керек екенін жеткізді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер