Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

2956
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы 2 айға созылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бүгін сот күдіктінің өтінішін елемей, осындай шешім қабылдады. Біртанов болса, өзінің кінәлі емес екенін, кінәсін дәлелдейтін деректердің жоқ екендігін алға тартты. Сондай-ақ экс-министр елден қашпайтынын және өзінің еш кінәсі жоқтығын да дәлелдейтінін жеткізді. Онымен қоса жауапты органдар бұл істе қарастырылып жатқан материалдарды қорғаушыларға бермей жатқанын мәлімдеді.

Соның салдарынан жауап беруші тарап тағылып жатқан айыптың мән-жайын зерттей алмай жатқанын айтты.

«Бұл істің қылмыстық құрамы жоқ. Менің қызметімді асыра пайдалануымды дәлелдейтін деректер де жоқ. Мен мемлекетке ешқандай залал келтірген жоқпын. Ақпараттық платоформа келісімге сәйкес қолданысқа алынды. Ол жұмыс істейді. Осы орайда мені үйде қамау туралы шешімді жоюды талап етемін. Сондай-ақ бұл іске қатысты барлық материалды бізге беруді сұраймыз. Біз де оларды зерттегіміз келеді»,– деді Біртанов.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер