Оралда танымал дәрігердің мәйіті табылды

2888
Adyrna.kz Telegram
Оралдық танымал дәрігер Татьяна Буткевич Лев Толстой көшесіндегі өз пәтерінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "nege.kz-ке" сілтеме жасап.

Татьяна Буткевич кардиолог, терапевт болып қызмет еткен. Көршілерінің айтуынша, өткен аптада Буткевичтің 44 жастағы ұлы ауырып қалған, ол жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдемнен кейін жансақтау бригадасы, ал біраз уақыттан кейін сот-медициналық сараптаманың сарапшылары келді. Осылайша дәрігердің ұлы көз жұмған.

Кейін дәрігердің пәтерінен жағымсыз иіс шыға бастағанын сезген көршілері полиция шақырған.

Аға учаскелік инспектор Қазбек Құлбаевтың айтуынша, олар пәтерге кірген кезде үйілген қоқыс арасынан Татьяна Буткевичтің денесі табылған. Болжам бойынша әйел өзіне қол салған.

"Әйел табылған бөлмелердің бірінде оның қасында түбімен жұлынған люстра жатқан. Біз сот-медициналық топты шақырдық, олар әйелдің денесін мәйітханаға жеткізді. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр", - деді Құлбаев.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер